Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Түркістанда тұрмыстық техника дүкенінің сатушысы келушілердің атынан заңсыз несие рәсімдеген

AstanaTV
24.02.2024ж. 15:09
500
Түркістанда тұрмыстық техника дүкенінің сатушысы келушілердің атынан заңсыз несие рәсімдеген

Түркістан облысы Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында екі алаяқтық қылмысына қатысы бар 24 жастағы тұрғынды анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгілі болғандай, күдікті жігіт сауда үйінде сатушы болып жұмыс істеген. Яғни ол дүкенке келген тұрғынға сатылымда тұрған тұрмыстық техникаларды тауарлық несие жолымен алуға көмектеспек болған. Алайда келушінің банк қосымшасын тартуға телефоны жарамсыз болғандықтан, күдікті жігіт өзінің телефонынан жүктеп, тауарлық несие алып берген. Кейінірек жас жігітке теріс ой келіп, телефонында сақталған жәбірленушінің банк қосымшасын пайдаланып, келушілердің атынан жеке мәліметтері арқылы тағы да 700 мың теңгенің тауарын несиеге алған.

Тәртіп сақшылары тексеру барысында бұдан бөлек күдікті жігіттің дәл осыған ұқсас тағы бір алаяқтық жайтына қатысы бар екенін анықтады.