Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қарағандыда аязды күні сәбиін тастап кеткен ана іздестіріліп жатыр

AstanaTV
25.02.2024ж. 09:44
459
Қарағандыда аязды күні сәбиін тастап кеткен ана іздестіріліп жатыр

Қарағандыда көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінен сәби табылды. Қазір полиция баласын тастап кеткен ананы іздестіріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полиция мәліметінше, жедел басқару орталығына ер азамат қоңырау шалып, Оңтүстік-Шығыс ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінің дәлізінде жас нәрестенің жатқаны жайлы хабарлаған.

“Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары баланы үсік шалудан аман сақтап қалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның анасын және оқиғаның мән-жайын анықтауда. Нәресте жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді”, – делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.