Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Астанада көлік жуу орталықтарында су пайдаланудың 200-ге жуық заң бұзушылығы анықталған

26.02.2024ж. 20:00
290
Астанада көлік жуу орталықтарында су пайдаланудың 200-ге жуық заң бұзушылығы анықталған

Көлік жуу орталықтары ішер суды ысырап қылуда. Былтыр Астана қаласында 200-ге жуық заң бұзушылық анықталған. Мамандардың айтуынша, өзіне-өзі қызмет көрсететін орындарда бір машинаны жууға 200-250 литр, жүк машиналары мен автобустарға 500-700 литр су кетеді. Шығын шамасын есептей беріңіз. Ал бүгін экономикалық зерттеулер институты Қазақстан суды тұтыну деңгейі бойынша әлемде көш бастап тұрғанын мәлімдеді. Суды заңсыз пайдаланғандарға қандай жаза бар? Мамандар мәселені шешудің қандай жолын ұсынады? Тілшіміз айтады.

Елордада 300-ге жуық көлік жуу орталығы бар. Оларға қанша тексеру жүргізілсе де, есебін тауып ауыз суды пайдаланатындар азаймай тұр дейді мамандар. Арнайы қондырғы қоймаған бизнес нысандары мемлекетке едәуір шығын келтіріп отыр. Астана қаласының өзінде бір жылда 200 ге жуық заң бұзушылық анықталған.

Тимур БАБАНАЕВ, "АСТАНА СУ АРНАСЫ" МКК ӨНІМ ӨТКІЗУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

 280 нен астам көлік жуу обьектілері тіркелген, оның ішінде 50- де ғана суды қайта өңдеу құрылғылары орнатылған. Бұл талап негізі 2021 жылдан бастап енгізілді. Яғни әрбір нысан суға қосылар алдында, судан техникалық шартты сұратады, Сол техникалық шартты берген кезде, нақты сол 2021 жылдан бастап талаптар енгізілген болатын.

Ал Жамбыл облысында суды заңсыз пайдаланған нысан саны 300-ден асады. Өңір орталығындағы 137 моншаның тек екеуінде ғана су пайдалану туралы ресми рұқсат болған. 146 көлік жуу орталығының тек 7-нің ғана тиісті құжаты бар.

Еркін ӘЛМАХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ:

"Кәсіпкерлерге бірінші маусымға дейін уақыт берілді, бүкіл мынау ауыз су алуды заңдастыру жөнінде. Егер одан кейін заңдастырмаса онда Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 41-ші бабына сәйкес, әкімшілік айыппұл салынады. Ол 40 АЕК 260 АЕК аралығында.

Суды үнемдемесек, экономиканың құлдырауына әкелетіні белгілі. Сондықтан тіршілік нәрін жұрт барынша үнемдеу үшін, тарифті көтеру қажет дейді мамандар.

Лаура МАЛИКОВА, ТӘЖІРИБЕШІЛ ЭКОЛОГТАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Барынша ағаш суғаруға өндірістік деңгейде таза суды емес, тазаланған суды қолдану керек. Күріш алқаптарын, мақта алқаптарын қысқартуды тура келеді,. Барынша ылғалды қажет етпейтін өсімдік түрлерін егу керек болады. Және тарифті көтеру керек болады.

Монша кешендері де жылына шамамен 120 мың текше метр су жұмсайды. Ал 2050 жылға қарай суға сұраныс мұнан да артады деген болжам бар. Сондықтан шағын және орта кәсіпкерлік нысандарында «таза судың» нақты қолданылуын ескеріп, су ресурстарын қайталама пайдалану технологияларын енгізу қажет дейді мамандар.