Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Астанада су мен кәріз жүйелері тозып тұр", - тұрғын

26.02.2024ж. 20:00
275
"Астанада су мен кәріз жүйелері тозып тұр", - тұрғын

Астанада су мен кәріз жүйелері тозып тұр. Сарыарқа ауданының тұрғындарының айтуынша, олар жауапты мекемеге бірнеше рет барған. Бірақ еш мардымды жауап болмапты. Сондай-ақ қоғамдық көлік жетіспеушілігі де қазір өзекті. Кейбір бағыттар бойынша автобус жоқ көрінеді.

Қайрат БОТАУХАН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Су жүйесінде проблема бар. Екі күн жұмыс істесе үшінші күні кез-келген жерден жарылады. Халық үнемі шулайды, айтады. Бірақ барады бітейді. Екінші сол жерден жарылады.

Жанболат ҚАЙЫРБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Автобусты бізге кіргіземіз дегеніне 2 жыл. СТС обищать етіп жатыр. Соны қашан кіргізеді екен. Ноябрь деді декабрь деді уже 2 жыл бойы солай айтып жатыр.

Қала әкімі Жеңіс Қасымбек биыл қалада 3 кәріз станциясы салынатынын айтты. Сондай-ақ әлеуметтік нысандар бой көтермек. Ал, кейбір олқылықтың орнын толтыру үшін жауаптыларға өте батыл және шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін тапсырды.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, ҚАЛА ӘКІМІ:

Көптеген қаражат көшелерді абаттандыру, асфальт жұмыстарына кетіп жатыр. Кәрізге де бөлінеді. Бірақ бәріне қазір бір күннің ішінде қаражатты бөлу мүмкін емес. Су жүйесі бойынша осы жердегі "Астана су арнасы" компаниясына тапсырмасын беремін. Өзім тексеріп бақылауға аламын.