Павлодарда 10-нан астам адамды баспанасыз қалдырған алаяқ ұсталды. Ол көбіне мүмкіндігі шектеулі жандарды алдап келген. Тұрғындардың пәтерін сатып ақшасын қалтасына басқан. Ол өзінің жымысқа әрекетін 3 жыл бойы жүзеге асырып келіпті. Қазір полиция алаяқтық жасады деген күдіктіге қылмыстық іс қозғады.
Асхат ӘБЕТЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазіргі уақытта ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полицияда 10-нан астам эпизод тіркелген. Күдікті қамауға алынды.