$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Балаларға қазір зейін жетіспейді»: Астанада ЗЖБГ бойынша бірінші республикалық конференция өтті

28.02.2024ж. 20:00
549
«Балаларға қазір зейін жетіспейді»: Астанада ЗЖБГ бойынша бірінші республикалық конференция өтті

Астанада Зейін жетіспеушілігі мен гипербелсенділік бойынша бірінші республикалық конференция өтті. Ресми деректерге сәйкес, балалардың 12% және ересектердің 8%-ына осы диагноз қойылған. Және ол қыздарға қарағанда ұлдарда 7 есе көп кездеседі. Мамандар ісшарада Еуропалық диагностикалау түрін, оны дәрі -дәрмексіз емдеудің алдыңғы қатарлы әдістемелерімен бөлісті.

Татьяна ДЕГТЯРЬ, БАЛАЛАР ПСИХИАТРЫ, АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ:

Көп жағдайларда бұны нашар мінез-құлықпен, жалқаулықпен, жаман мінезбен шатастырады. Зейін жетіспеушілігі мен гипербелсенділігі бар балаларды тәрбиесіз балалар ретінде қабылдайды. Өкінішке қарай, мұндай балалар ересектер тарапынан зорлық-зомбылыққа жиі ұшырайды. Ал мектепте бұл проблемалық мінез-құлық сыныптастар тарапынан да, мұғалімдер тарапынан да буллингке әкеледі. Диагностикасы қиын болғандықтан ересектер жиі алаңдаушылық пен депрессияны бастан кешіреді.