Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

ЖОО-ны үздік бітірген түлектерді мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылдайды

28.02.2024ж. 20:00
296
ЖОО-ны үздік бітірген түлектерді мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылдайды

Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайды қабылдады. Төраға мемлекеттік қызметтің гибридті моделін қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмысты таныстырды. Сонымен қатар білікті мамандарды жеке сектордан тарту мен үздік түлектерді конкурссыз төменгі лауазымдарға қабылдау шарттарын түсіндірді. Қабылдауда e-Qyzmet жүйесімен мемлекеттік қызметке іріктеу жобаның қорытындысы сөз болды. Пилоттық жобаның арқасында бос лауазымдарға орналасуға ниет білдіргендер саны 2,7 есе артты. Биыл барлық мемлекеттік органға кезең-кезеңімен енгізіледі. Президент сервистік аппаратты дамытып, мемлекеттік қызмет жүйесіне заманауи технологияларды енгізу ісін жалғастыруды тапсырды. 
Дархан ЖАЗЫҚБАЙ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Салаға жеке секторда жұмыс істейтін мыңға жуық білікті маман тартылды. Президент қабылдауында агенттіктің мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту туралы есеп бердім.