Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қанат Ислам 17 ақпан күні кезекті кездесуін Ньюарк қаласында өткізеді

AstanaTV
12.01.2017ж. 20:00
1765
Қанат Ислам 17 ақпан күні кезекті кездесуін Ньюарк қаласында өткізеді

Кәсіпқой бокс шебері Қанат Ислам келесі кездесуін 17 ақпан күні Ньюарк қаласында өткізеді. Бұл туралы «Nelsons Promotion» промоутерлік компаниясының Қазақстандағы өкілі Нұрғазы Ісмағамбетов айтты. Рой Джонстың қатысуымен өтетін бокс кешінде Ислам 10 раундтық жекпе-жек өткізеді.

Бірақ бұл кеште Қанат белбеулерін сарапқа салмайды. Себебі ол чемпиондық атағын тек Қазақстанда қорғаймын деп отыр. Қарсыласының кім болатынын алдағы уақытта хабарланбақ. Қанат Ислам қазір АҚШ-та Нельсон Лопездің қоластында жаттығу жұмыстарына кірісіп кеткен. Бұған дейін америкалық басылымдарда Қанат Ислам келесі кездесуін Сауль Альвареспен өткізуі мүмкін деген болжам жасалған еді.

Ал «Профи Бокс Казахстана» онлайн-баспасының ақпарына сүйенсек, Данияр Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа бет бұрған. Рио Олимпиадасының жеңімпазы «MJA Entertainment's» промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасқаны белгілі болды.