Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Шымкентте моншаның жанында атыс болды

AstanaTV
29.02.2024ж. 08:44
1018
Шымкентте моншаның жанында атыс болды

Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметі келді. Куәгерлердің сөзінше, екеу ара қақтығыс кезінде жас жігіт қарсыласын атып жіберген. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілген, - деп хабарлайды otyrar.kz.

Атыс 27 ақпанда сағат 22:00 шамасында Жібек жолы көшесіндегі "Люкс" моншасының жанында болды.

Атыс орнынан оқ-гильзалар табылды.

Болжам бойынша травматикалық тапаншадан атылған.

Полиция күдіктіні анықтады.

"Бұл факті бойынша Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы шеңберіндегі өзге де ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - деп хабарлады полиция.