Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Алғыс айту күніне орай «Арайлы Атамекенім» челленджі басталды

AstanaTV
29.02.2024ж. 09:31
1128
Алғыс айту күніне орай «Арайлы Атамекенім» челленджі басталды

Алғыс айту күніне арналған ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен «Арайлы Атамекенім» республикалық челленджі басталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, бастама қазақстандықтар арасында бейбітшілік пен келісімнің арқасында қол жеткізген ел бірлігі мен патриотизмді нығайтуға, рухани дамуға, адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатып, басқалар үшін де жауапты болуға тәрбиелейді.

«Арайлы атамекенім» челленджіне кез келген адам қатыса алады. Ол үшін Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін қолданып, пікіріңізді жазып, #АрайлыАтамекенім, #ArailyAtamekenim хэштегін белгілеп, әлеуметтік желі парақшасына жариялау қажет. Одан әрі эстафетаны достарыңыз бен оқырмандарыңызға жолдауға болады, - делінген мәліметте.

Челлендж республика бойынша 3 наурызға дейін жалғасады.