Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Бір күнде тоғыз бала аштықтан қайтыс болды

AstanaTV
29.02.2024ж. 15:28
360
Бір күнде тоғыз бала аштықтан қайтыс болды

Газа секторындағы ауруханаларда соңғы 24 сағатта кем дегенде тоғыз бала аштықтан көз жұмды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Jazeera телеарнасының хабарлауынша, соңғы тәулікте анклавтың солтүстігіндегі Камал Адван ауруханасында жеті бала ас ішпегендіктен қайтыс болды. Тағы бірнешеуінің жағдайы ауыр, оларға күтім жасау қиын, оған себеп генератордың жанармайы таусылып қалған.

Аль-Шифа ауруханасында тағы екі баланың сусыз және тамақсыз қалу салдарынан қайтыс болған. БҰҰ мәліметінше, жарты миллион халық (Газа халқының төрттен бірі) аштықтан зардап шегіп отыр.