Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Тобыл кентінде тұратын Дандыбаевтар отбасы өзге ұлттың 5 баласын асырап отыр

29.02.2024ж. 20:00
646
Тобыл кентінде тұратын Дандыбаевтар отбасы өзге ұлттың  5 баласын асырап отыр

Бала тапқанға емес, баққан анаға бауыр басады. Тобыл кентінде тұратын Дандыбаевтар отбасы алты бала тәрбиелеп отыр. Оның бесеуін асырап алған. Балалы үйге береке кіреді, дейді отанасы. Ал балақайлардың анасына деген алғысы шексіз.

Кішкентай Бэлла бұл отбасыға бір жасында келген. Қаршадай қыздың қазашқа есімі –Бота. Ол Данагүл Ақсүйінқызын анасындай жақсы көреді. Айтқанын орындап, ақылын тыңдайды. Өзгенің баласын өз баласындай тәрбиелеп отырған ардақты адамға алғысы шексіз.

Бэлла АЛЬБРАНДТ:

Анама,әкем сіздерге көп рахмет.Сіздер бізді тәрибелеп өсіргендеріңізге.Сіздер өте бақытты отбасысыздар.Бәріміз ана мен әкемді жақсы көреміз.

Дандыбаевтар асырап алған бүлдіршіндер- екі отбасының балалары.Кішкентайынан қазақ шаңырағында шалқып өскен жеткіншектер қазақтың тілін, дәстүрін қасиет тұтады. "Өзгесің" деп өзектен теппей, өзімсініп елжіреп еркелеткен асыл жандардың жақсылығын өмір бақи ұмытпаймыз дейді ұл-қыздар.

Стас ГЛАЗЫРИН:

Алғыс айту күні анам мен әкеме айтқым келеді.Ұстаздарыма айтқым келеді.Біз сіздерді бағамыз өскен кезде. Біз де жақсы көреміз сіздерді.

Бір шаңырақтың астында өмір сүргендіктен біте қайнасып кеттік. Бес бала да тәрбиелі,инабатты.Тілалғыш.Қолғанат.Осылардың өсіп-өніп өмірде өз жолдарын тапқанын көргіміз келеді дейді Данагүл Қабылова.

Данагүл ҚАБЫЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Балаларымнан жылы лебіз естіп кішкене толқып отырмын.Осыған да тәубә.Бала өз ішіндегісін айтады ғой.Қалай бар солай айтады көңілдерін.Балаларыма да көп-көп рахмет айтамын.Үлкен азамат болыңдар.Осындай балаларым барына менде бақыттымын.

Дана халқымыз бала тапқандікі емес, баққандікі деп бекер айтпаса керек. Алғыс арқалаған Данагүл Ақсүйінқызы бауырына басқан бес баланың ел қатарлы адам болғанын қалайды.Педагог маман олардың бойына өнер мен өнегені қатар дарытып, қатарынан қалдырмай тәрбиелеп отыр.