Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Тараздың тұрғындары үш айдан бері жаңадан алған баспаналарына кіре алмай отыр

29.02.2024ж. 20:00
323
Тараздың тұрғындары үш айдан бері жаңадан алған баспаналарына кіре алмай отыр

Таразда жұрт ипотекаға алған үйлеріне үш айдан бері кіре алмай жүр. Жаңа баспанада жылу, жарық, су жоқ. Ал қоныстанып алғандары коммуналдық төлем құжаттарын реттей алмай отыр. Ол аздай жақында жел шатырды ұшырып әкетті.

Жиналған жұрт жылдап жинаған теңгелерін бастапқы жарнаға құйып, ипотека рәсімдеген. Өткен жылы желтоқсан айында баспаналарына кіруі тиіс болған. Сапасыз салынғаны соншалық, үйімізге кірмей жатып жел жаңа үйдің шатырын ұшырып кетті дейді. Былтырдан бері баспананың жырын жырлап, бармаған жерлері қалмапты.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Қабылдап алған кезде барлығын тексеріп, қабылдап алу керек қой! Светін, газын, суын! Осы үйге жету үшін қанша жыл жүрдік қой. Қанша жыл ақша жинадық!
- Біз застройщикке барамыз. Застройщик ЖКХ-ға жібереді. ЖКХ басқаға жібереді. Қайсысына не айтарымызды білмейміз?!
- Тегін беріп жатқан жоқ, бұл үйді! 14 жылға алып отырқ. Ең өкініштісі, аренда төлеп отырмыз да, біз 2 рет шығындалып отырмыз.

Мұндағы үш үйдің де мәселесі бар. 150-ге тарта тұрғын өз үйлеріне кіре алмай жүр. Олардың басым бөлігі әлеуметтік осал топтағылар мен аз қамтылған отбасылар. Қалалық әкімдік жоқ жетікті түземесе, біз жақында жаппай ипотека төлеуден бас тартамыз деп отыр.

Қайрат ИСМАИЛ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мына 39 үйде жалпы енді кілтін әлі тұрғындар толық алған жоқ. Құрылыс бөлімінен, тұрғын үй қатынастар бөліміне балансқа қабылданған. Жарық тартылған бірақ оған қосатын күші жетпей тұр. Оған қосымша арнай транформаторлық пункт салынды. Осы мынау сенбіге тұрғындардың бәрін жинап, сынамалардан өткізіп, қосып беруді жоспарлап отырмыз.

Ал ұшқан шатырды мердігер өз қаржысына қалпына келтіреді дейді.