Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ақтауда патрульдік полиция көлігі аударылып қалды

AstanaTV
29.02.2024ж. 22:49
739
Ақтауда патрульдік полиция көлігі аударылып қалды

Ақтауда патрульдік полиция мінген қызметтік көлік жол апатына себепкер болды.Оқыс оқиға 29 ақпан күні Ақтау халықаралық әуежайына баратын жолда орын алды.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, полицияға тиесілі "Toyota Avalon" көлігі жол үстінде аударылған. Аталған жағдай бойынша Маңғыстау облыстық полиция департаменті пікірі білдіріп, жол апатына патрульдік қызметкер кінәлі екенін атады.

"Патрульдік полиция батальонының инспекторы көлікті басқара алмай, "Опель Астра" көлігіне соғылды. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде полиция қызметкері облыстық ауруханаға жеткізіліп, алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Оқиғаға кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді ПД баспасөз қызметі.