Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Ақтөбеде мектептегі төтенше жағдайға қарсы оқу-жаттығу өтті

AstanaTV
02.03.2016ж. 20:00
2699
Ақтөбеде мектептегі төтенше жағдайға қарсы оқу-жаттығу өтті

Ақтөбедегі нөмірі 40-шы мектеп ғимараты өртеніп, оқушылар мен ұстаздардың өміріне қауіп төнді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекті оқу-жаттығу жұмыстары осылай өрбіді. Химия пәнінің зертханасы отқа оранғандықтан, улы газдардың ауаға таралу қауіпі де ескерілген. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі жеткенге дейін ұстаздар мен жауапты мамандар 120 оқушының қауіпсіз аймаққа жеткізуі тиіс. Құтқарушылар жоғарғы қабатта қалып қойған азаматтарды арнайы техникамен түсіріп, дәрігерлерге көрсетті. Құтқарушылар мұндай жаттығу жұмыстарын аймақтағы барлық мектептерде өткізбек. 

Нұрлыбек Айжарықов, Ақтөбе облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы:  

Тоғызыншы гимназияда осыдан бір ай бұрын болған шығар электр желілерінің қысқа тұйықталуы болды. Сол кезде өрт қызметтері келгенге дейін олар 800 адамды қауіпсіз аймаққа шығарып үлгерді. Ол да бір жақсы көрсеткіш. Ол енді оқушыларды аман алып қалудың бір амалы. 

 

М.ЕСХОЖИН