Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Арм Бэк атауымен елде жаңа спорт түрі пайда болды

01.03.2024ж. 20:00
521
Арм Бэк атауымен елде жаңа спорт түрі пайда болды

Арм Бэк атауымен елде жаңа спорт түрі пайда болды. Бұл арнайы құрылғының атауы. Ағылшын тілінен аударғанда қолмен тарту деген мағынаны білдіреді. Ол мүмкіндігі шектеулі балалардың қозғалысын реттеп, қарым-қабілетін жетілдіреді. Осы жаңа спорт түрі бойынша ең алғашқы жарыс Астанадағы жекпе-жек сарайында өтті. Оған 8 өңірдің өкілдері қатысты.

Нартай АРАЛБАЙҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «АМАNАТ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мынау емдеу шараларынан бөлек те, ерекше физикалық салмақ салу арқылы балаларға емдеу методикасы кіргізу жоспарда айтылып жатыр. Бұл жерде бірінші баланы қолдау, екінші үміт беру, үшіншіден бұл ата-аналардың бақыты, ата-аналардың қуанышы.

Мадина ЕСКЕНЕЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бұл барлық аналар үшін үлкен қуаныш. Бейімделген спортпен айныласы алатынымыз балама үлкен мотивация береді. Баламның ерекшелігін біле тұра, оның әрбір жеткен жетістігіне қуанамын.