$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Билік өкілеттілігін қайта бөлу жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті

AstanaTV
13.01.2017ж. 20:00
1943
Билік өкілеттілігін қайта бөлу жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті

Билік өкілеттілігін қайта бөлу жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Мұны Ақорда сайты хабарлады. Жиында билікті бөлудегі отандық және шетелдік тәжірибе қаралып, конституция мен заңнамаларға талдау жасалған. Президент әкімшілігі жетекшісі Әділбек Жақсыбеков бастаған жұмыс тобының құрамында оның орынбасары, Жоғарғы сот пен Конституциялық кеңес төрағалары, Бас прокурор, Әділет министрі бар. Сенат пен Мәжіліс төрағаларының орынбасарлары, сондай-ақ заң университетінің ректорлары мен директорлары енген. "Қазақстан заңгерлер одағы" қоғамдық бірлестігі мен Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының өкілдері де бар. Айта кетейік, билік өкілеттілігін бөлу туралы бастаманы Президент көтеріп, Парламент пен Үкіметтің де жауапкершілік алатын кезі келді деген еді.     

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах