$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Бас прокуратура сайтына лаңкестер туралы 12 хабарлама түскен

AstanaTV
13.01.2017ж. 20:00
4387
Бас прокуратура сайтына лаңкестер туралы 12 хабарлама түскен

Бас прокуратураға тұрғындардан террорлық әрекетке қатысы болуы мүмкін 12 хабарлама түскен. Ресми сайттағы арнайы бөлім бүгін ғана іске қосылған еді. Тұрғындар онда күдікті азаматтар жайында видеоматериалдар, аудиожазбалар және фотосуреттер қалдыруға болады. Қауіпсіздік мақсатында хабарлама жазған адам туралы ақпарат құпия сақталады.

Ержан Жандосов, ҚР Бас прокуратурасының басқарма прокуроры:

Ол бөлікте төрт түрлі хабарлама бойынша өздерінің ұсыныстарын немесе хабарламаларын жолдай алады. Біріншіден, егер де олар тұрғылықты жеріне немесе жұмыс орындарында күдікті тұлғалар келіп, немесе ешкіммен қосылмай, ешкіммен араласпайтын азаматтарды байқайтын болса, сондай тұлғалар туралы хабарлама беруге болады. 

Айта кетсек, лаңкестік әрекет жайында ақпарат берген адамға 2 миллион теңгеге дейін сыйақы беру туралы заңнама қабылданды. Құжат қаңтардың бірінен бастап күшіне енді.