$447.85 €513.46 ₽5.31
×

Дастан Сәтпаев Лондонда Қазақстан жастар құрамасымен кездесті

23.09.2026ж. 01:37
Дастан Сәтпаев Лондонда Қазақстан жастар құрамасымен кездесті
Фото: KFF

"Бернли" клубының қазақстандық шабуылшысы Дастан Сәтпаев Қазақстан U-21 құрамасының жаттығу лагеріне барды, деп хабарлайды  AstanaTV

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялады.

"Бізге кім келді? Дастан Сәтпаев қонаққа соғып, алдағы матчтарда сәттілік тіледі. Қазір Дастан жарақатынан кейін ем қабылдап, алаңға оралу үшін қалпына келуін жалғастырып жатыр. Тезірек сауығып, ойынға оралуыңды тілейміз, Дастан! Сені сағындық!" – делінген ҚФФ ақпаратында.