Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Тараздағы «Әулие ата» халықаралық әуежайындағы бағыты саясатына "Эйр Астана" пікір білдірді

AstanaTV
13.01.2017ж. 20:00
2851
Тараздағы «Әулие ата» халықаралық әуежайындағы бағыты саясатына "Эйр Астана" пікір білдірді

Әуежайлардағы тариф бағасының қымбаттауы «Эйр Астана» шығындарын арттырады. Біздің сұрау хатымызға компания өкілдері осындай жауап қатты. Қазір "Эйр Астана" тариф құнын көтергелі отырған әуежайлармен келіссөз жүргізіп жатыр. Әрі нарықтағы бағаны ауыздықтау үшін құзырлы органдарға да ашық хат жолдамақ. Өйткені әуежайлардың барлығы дерлік реттелетін тариф құнын 80, реттелмейтінін 40 пайызға дейін қымбаттататынын ескерткен. Ал Тараз әуежайы ұшу-қону қызметін 350 пайызға көтеру туралы өтініш түсірген.

Белла Тормышева, «Air Astana» компаниясы корпоративтік байланыс жөніндегі вице-президенті:

«Эйр Астана» әуе компаниясы Астанадан Тараз қаласына аптасына 4 рет рейс орындайды. «Әулие ата» халықаралық әуежайы көктемде ұшып-қону үшін бағаны 350 пайызға қымбаттатуды сұрап отыр. Еліміздегі барлық әуежайлар жыл сайын осылайша тарифтерді көтеріп отырады. Бұл әуе компаниясы үшін шығындарды арттырады. Мемлекеттік тиісті органдарға ашық хат дайындалып жатыр.

Айта кетейік, өткен аптада Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облыстық департаменті өкілдері әуежайдан ұшып-қону қызметі үшін бағаны көтеру туралы өтініш түскенін айтқан еді. Онда «Скат», «Эйр Астана» әуе компаниялары үшін ұшақ салмағының әр тоннасы 1414 теңге болса, енді ол 6 мың теңгеге, ал қауіпсіздік қызметі бойынша 2392 теңгені құрайтынын жеткізген. Ол баға қазір 505 теңге болып отыр. Аталған департамент бұл тарифті наурыздан бастап енгізуді көздеп отыр.