Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Өскеменде қоғамдық көлікпен жүру құны 90 теңгеге дейін қымбаттайды

AstanaTV
13.01.2017ж. 20:00
2296
Өскеменде қоғамдық көлікпен жүру құны 90 теңгеге дейін қымбаттайды

Ал Өскеменде автобуспен жүру ақысы Астанамен теңесті. Ақпан айынан бастап қаладағы жолақы 90 теңгені құрайтын болады. Жаңа тариф бүгін қалалық мәслихаттың сессиясында бекітілді. Айта кету керек, бұрынғы баға екі жыл бойы сақталған. Тасымалдаушы тарап жанармай мен саймандардың қымбаттауына байланысты бағаны көтеруді сұраған. Қала әкімінің орынбасары Арман Ысқақовтың айтуынша, арнайы құрылған комиссия 2016 жылдың қараша айынан бастап министрліктің әдістемесіне сүйене отырып тарифті есептеп, 175 теңгеге тең деген шешім шығарған. Алайда, әкімшілік пен депутаттар бұл бағаны 90 теңгеге төмендетіп отыр. Сонымен қатар ардагерлер, мүгедектерге және жасы 70-тен асқан зейнеткерлер жол ақысына 50 теңге, оқушылар 45 теңге төлейтін болады. Ал студенттерге 50 пайыз жеңілдік беретін билеттер сатылады. Тасымалдаумен айналысатын компаниялардың мәліметінше, Өскеменде бір бағыттағы маршруттың өзі 17-ден 28 шақырымға дейін қашықтықты құрайды. Жаңа тариф шығынның тек жарты бөлігін ғана жабуға жететін көрінеді.

Арман Ысқақов,  Өскемен қаласы әкімінің орынбасары:

Бүгін мәслихаттың кезекті сессиясында жұмыс тобы 90 теңге деп көрсетілген тарифті қабылдады. Тасымалдаушылардың барлық шығынын жабады. Бірақ мекемені дамыту жұмыстарына жетеді дегенге жауап беру қиын. Бағаның қымбаттауы жанармайдың мәселесін шешеді. Сонымен қатар құрал-саймандар алу мен жалақы төлеуге де бір үлесін тигізер. Ал жаңа көліктер алуды алдағы уақытта талқылаймыз.