Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Каспий теңізі жағалауында кеше тұтанған алапат өрт әлі сөндіріліп жатыр

AstanaTV
03.03.2024ж. 16:20
645
Каспий теңізі жағалауында кеше тұтанған алапат өрт әлі сөндіріліп жатыр

Атырау облысы Құрманғазы орман шаруашылығында - Каспий теңізі жағалауында 100 гектар аумақты алатын қамысты алқапқа от тиген, деп хабарлайды Zakon.kz.

2 наурызда сағат 15:45-те Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында, Құрманғазы ауылынан 40 шақырымда Құрманғазы орманшылығының аумағында алдын ала болжам бойынша 100 гектар алаңда қамыс өсіндісі өртеніп жатыр. Елдімекендерге қауіп жоқ, деп хабарлайды ТЖМ.

Сағат 17:57-де Құрманғазы ауданының №7 өрт сөндіру бөлімінің, Орман шаруашылығының, ЖАО-ның 36 адамы, 5 мотопомпасы, 1 техникасы, 4 мотоқайығы тартылды. Сөндіру жалғасуда.Сөндіру жұмыстары жалғасуда. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Оқиға орнында ТЖД, орман шаруашылығының күштері мен құралдары жеке құрамнан 35 адам, мотоқайықтар, 6 мотопомпа және техника жұмылдырылды.