Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елімізде тозығы жеткен 5 665 көлік жоюға тапсырылды

AstanaTV
13.01.2017ж. 20:00
3476
Елімізде тозығы жеткен 5 665 көлік жоюға тапсырылды

Ақпанның 16-сынан бастап ескі көліктерді қабылдау жобасы жалғасын табады. Биыл тағы 40 мың ескі көлікті утилдеу жоспарланып отыр. Ал мамыр айында жылына 50 мың автокөлікті утилизациялауға қуаты жететін зауыт іске қосылмақ. Бұл туралы «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттері» операторының атқарушы директоры Сергей Юрча мәлімдеді. Оның айтуынша, тозығы жеткен көліктерді утилизациялау науқаны басталғалы бері 5 665 көлік қабылдау бекеттеріне тапсырылды.

Ескі автокөліктерді қабылдау бойынша әзірге Шымкент қаласы бірінші орында тұр. Қостанай - екінші, Алматы - үшінші орында. Ескі көліктер 21 қараша мен 30 желтоқсан аралығында пилоттық жоба аясында қабылданды. Көлік иелеріне 850 миллион теңгеге жуық қаражат берілген. Жоюға тапсырылған көліктердің басым бөлігі «ВАЗ 2105», «ВАЗ 2106», «ВАЗ 2012», «Москвич 2140» және «Мазда 626» сияқты техникалар. Утилизацияға тапсырылған темір тұлпарлардың дені 25-30 жыл қолданыста болған.

Сергей Юрча, «ӨКМ операторы» ЖШС атқарушы директоры:

Бірінші ақпаннан бастап өткізілген көліктерді қайта өңдеу зауытына тасымалдауға дайындық басталады. Көліктерден алдымен аккумулятор мен дөңгелектер алынып, жанармайдан тазартылады. Қалғаны утилизацияға жіберіледі. 2016 жылы желтоқсанда Қарағандыдағы зауыт құрылысының жобасы мақұлданған болатын. Ол биыл мамыр айында іске қосылады. Аталған зауыттың қуаты жылына елу мың автокөлікті утилдеуге жетеді. Сондықтан көліктерді жоюға қатысты мәселе болмайды деп ойлаймын.