$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қостанайда балаға қол көтерген тәрбиеші әкімшілік жауапқа тартылады

04.03.2024ж. 20:00
616
Қостанайда балаға қол көтерген тәрбиеші әкімшілік жауапқа  тартылады

Қостанайда бүлдіршінге қол көтерген тәрбиеші жазасын алды. 15 жылдық тәжірибесі бар тәрбиешінің неліктен баланы жұлқылап, жұдырық түйгені белгісіз.Оның бүлдіршінге қол көтерген сәті балабақшаның бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Баланың ата-анасы қалалық білім бөліміне арызданды. Қызметтік тексерістен кейін нөмірі 27-ші бөбекжай-балабақша қызметкері жұмыстан шығарылды.

Татьяна ЖИХАРЕВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

Қызметтік тексеріс жүргізілді.Соның барысында тәрбиеші өзіне жүктелген міндетті, жұмысты дұрыс атқармағаны анықталды. Дөрекі қылық көрсеткені үшін еңбек кодексінің 52 бабымен жұмыстан шығару туралы шешім қабылданды.

Балабақшада болған оқиғаны полиция тіркеуге алды. Тәрбиешіге қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша процессуалдық шешім шығады, – дейді департамент өкілдері. 

Ернұр АЛТАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Сот- медициналық сараптама тағайындалды.Соның нәтижелері бойынша шешім қабылданады.Материалды әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сот қарайды.