Батыс Қазақстан облысында «Лада Ларгус» жеңіл көлігі «КамАЗ» автомобилімен соқтығысты, деп хабарлайды AstanaTV.
Жол апаты Орал-Кирсанов автожолының 5-шақырымында Бәйтерек ауданы Байқоныс ауылы маңында болды.
Алдын ала мәлімет бойынша жүргізуші «Лада Ларгус» автокөлігімен қарсы бетке шығып кетіп, «КамАЗ» автомобиліне соққан.
- Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.