Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Премьер-Министр Олжас Бектенов Мәскеуге жұмыс сапарымен барды

04.03.2024ж. 20:00
235
Премьер-Министр Олжас Бектенов Мәскеуге жұмыс сапарымен барды

Премьер-Министр Олжас Бектенов Мәскеуге жұмыс сапарымен барды. Үкімет басшылары сауда және инвестиция, өнеркәсіп кооперациясы мен энергетика, ауыл шаруашылығы және азаматтық авиация мәселелері туралы сөз қозғады. Қазір екі ел 26 миллиард доллар болатын 135 жобаны іске асыруда. Тағы 67-сі пысықталып жатыр. Нәтижесінде 11 мыңнан аса жұмыс орны ашылмақ. Бұдан бөлек, 3 жылдың ішінде 29 өткізу бекеті күрделі жөндеуден өтеді. Осы арқылы транзиттік-көлік саласын жандандыру көзделген. 

Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша жемісті дамып келеді. Маңызды бағыт – өнеркәсіп кооперациясы. Ол қазірдің өзінде өзара табысты іс-қимылдың нақты көрінісіне айналып отыр. Екі ел үкіметтері елдеріміздің көшбасшылары қол жеткізген барлық уағдаластықтарды іске асыру үшін бар күш-жігерін салады.