Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Атырауда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қайтыс болды

AstanaTV
05.03.2024ж. 11:16
265
Атырауда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қайтыс болды

Атырауда жол апаты болып, екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Дамбы ауылына баратын жолдың бойында бір мезетте төрт көлік соқтығысты.

Жантүршігерлік жол апатынан екі адам мерт болып, төртеуі ауруханаға жеткізілген.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кеше сағат 17:00 шамасында болған.

Атырау-Дамбы тас жолында бірден төрт көлік – Toyota Prado, КамАЗ, Кіа және ВАЗ-2112 соқтығысты. Салдарынан жүк көлігі аударылып қалған.

Ал қаза тапқандар - ВАЗ-2112 көлігінің жүргізушісі мен жасөспірім жолаушы.