Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

2023 жылы Қазақстан 3 тілде білім беру жүйесіне толық көшеді

AstanaTV
02.03.2016ж. 20:00
8632
2023 жылы Қазақстан 3 тілде білім беру жүйесіне толық көшеді

2023 жылы Қазақстан 3 тілде білім беру жүйесіне толық көшіп бітуі тиіс. Ал биылдан бастап 1-ші сынып оқушылары ағылшын тілін аптасына 2 сағаттан оқитын болады. Білім және ғылым министрлігі 2020-шы жылға дейінгі әзірленген бағдарлама аясында осындай жоспар түзіп отыр. Бүгін бұл туралы арнайы бирфинг барысында вице-министрі Такир Балықбаев мәлім етті. Сондай-ақ, алдағы уақытта Ұлттық бірыңғай тестілеуде ағылшын тілінде сынақ пәні қосылуы мүмкін. Үш тілде білім беру реформасы биылдан бастап, жаңа қарқын алатын болды. Нақтыласық, алдағы оқу жылында 1-сыныпқа барар балалар ағылшын тілін аптасына 2 сағаттан оқып отырмақ. Әйтпесе, 2013 жылы енгізілген бағдарламаға сәйкес, ол 1 сағаттан беріліп келген еді. Ал жалпы үш тілде білім беру жүйесі 2023-шы жылға дейін ел аумағын түгел қамтып бітуі тиіс деген үлкен жоспар құрылған. 

Такир Балықбаев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі: 

2018-2019 жылдары білім беру бағдарламасында айтылғандай арнайы пәндерді  3 тілдік мектептің жүйесін енгізсек деп отырмыз. Мысалы, Қазақстан тарихы қазақ тілінде, дүниежүзі тарихы орыс тілінде, сонымен бірге жоғарғы сыныптарда жаратылыстану пәндері, яғни информатика, химия, биология, физика және математика ағылшын тілінде оқытылатын болады. 

Әрине, үш тілде қатар оқыту Жоғарғы оқу орындарына да тікелей қатысты. Қазірдің өзінде 32 университте арнайы бөлімдер ашылған. Тіпті таза 3 тілде дәріс беріп жатқандары да бар. Ұстардар құрамы да жасақталып жатыр. Мәселен, бүгінге дейін 8 мыңға жуық мұғалім шетелде білім алып, кадрлық сынақтан өтіпті. Ең бастысы, мамандар қазақ тілі көлеңкеде қалмайды деп отыр. 

Жаңыл Жонтаева,  ҚР Білім және ғылым министрлігінің департамент директоры: 

Мемлекеттік тілді екінші жүйеге қоя алмаймыз. Оның барлығы айтылып кеткендей, 2007-2008 жылы пилоттық режимде үш тілдік мектептер де берген. Бүгінгі күні мектеп бітірушілердің саны артып келеді. Тіл оқығысы келетін баланың, ата-ананың, мектептің де саны артып келеді.

Егер жоспар орындалса, 2023 жылға қарай елдің барлық білім ордасындағы түлектер - қазақ, орыс және ағылшын тілінде сайрап шығуы тиіс. Әрине, реформа Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесіне де қатысты. Болашақта химия, физика, математика сынды техникалық пәндер тек қана ағылшынша тапсырлуы мүмкін.


Құралай ПИОНЕР