Атырау облысында полицейлер мұз ойылып суға түсіп кеткен әйелді құтқарды, - деп хабарлайды
Massaget.kz.5 наурыз күні Құрманғазы ауданы Шарон өзені үстінде әйел мұз ойылып суға түсіп, айқалап көмек сұраған. Сол уақытта жолдан өтіп бара жатқан тәртіп сақшылары даусын естіген бойда, жедел әрекет жасаған.
Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызмет инспекторлары Шынтас Алисұлтан және Батыржан Бақытұлы 32 жастағы әйелді дер кезінде жағаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.