$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Билік арасындағы өкілеттілікті бөлу тұжырымдамасы әзір болатын күн таяу

AstanaTV
16.01.2017ж. 20:00
2412
Билік арасындағы өкілеттілікті бөлу тұжырымдамасы әзір болатын күн таяу

Билік арасындағы өкілеттілікті бөлу тұжырымдамасы қаңтардың аяғында дайын болады. Бұл туралы Мәжіліс төрағасының орынбасары Гүлмира Исімбаева мәлімдеді. Айтуынша, қазір биліктің әр тармағы өзінің ұсыныстарын дайындап жатыр. Депутаттар парламенттің құзыреті мен қызметіне қатысты өзгерістерді әзірлеуде, - деді вице-спикер.

Гүлмира Исімбаева, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі:

Қаңтар айының үшінші он күндігінде заң актілеріне енетін өзгерістердің ортақ тұжырымдамасы дайын болады. Ал ақпанның алғашқы он күндігінде нақты ұсыныстар аталады. Сол кезде бәрін білетін боласыздар. Жұмыс тобының құрамына ғалымдар мен қоғам белсенділері енді. Яғни талқылау барысы ашық, жариялы түрде өтеді.

Еске салайық, Тәуелсіздік күніне орай өткен салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет, министрліктер және жергілікті атқарушы органдар арасында өкілеттілікті бөлу туралы тапсырма берген. Бұл бастама Парламент пен Үкіметтің жауапкершілігін арттыруды көздейді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ