Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Президент БАӘ-де «Болашақтың энергиясы» саммитіне қатысты

AstanaTV
16.01.2017ж. 20:00
2896
Президент БАӘ-де «Болашақтың энергиясы» саммитіне қатысты

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары аясында «Болашақтың энергиясы» саммитіне қатысып, «ЭКСПО-2017» павильонымен танысты. Жаңартылған энергия көздері мен энергия тиімділігіне жұмсалған инвестицияның мұнай-газ саласына құйылған қаржымен теңескеніне назар аударды. Президент сондай-ақ  энергетикалық трендтердің көлік саласына да ықпал етіп отырғанын айтты. Әлем елдері  экологиялық таза көлікке көшіп жатқан тұста Қазақстанның электромобиль шығаратын өндіріс бастағанын, оны келешекте кеңейте түсуге, электрлі автобустар шығаруды қолға алуға ниетті екенін жеткізді. Бұдан бөлек, биыл Астана «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізетінін, оның инфрақұрылымы базасында жаңа «Астана» халықаралық қаржы орталығы орналасатынын мәлімдеді. Жиын соңында Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің 45 жылдығымен құттықтап, болашақ энергиясы саласындағы халықаралық сыйлықты табыстау рәсіміне қатысты.