$448.39 €486.91 ₽5.83
×

Салымшылар БЖЗҚ ақшасын мерзімінен бұрын ала алады ма?

AstanaTV
16.01.2017ж. 20:00
2028
Салымшылар БЖЗҚ ақшасын мерзімінен бұрын ала алады ма?

Салымшылар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаржысын мерзімінен бұрын ала алады ма? Бұл сұрақ бүгін Мәжілісте көтерілді. Депутат Гүлжан Қарақұсованың айтуынша, мәселе өте тыңғылықты қарауды қажет етеді. Халық арасында зейнетақы жинақтарының қауіпсіздігіне сенімсіздік артып отыр. Осыған орай депутат жинақтардың мемлекет қорғауында екенін айтты.

Гүлжан Қарақұсова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Бұл мүмкін. Бірақ үлкен есептер жүргізу керек. Кейбір салымшыларда белгілі бір сома жиналған, дегенмен есепшотта біраз бөлігін қалдырған дұрыс. Яғни өмір сүруіне қалдыру қажет. Жинақтаушы және базалық зейнетақы ғана қалады. Зейнетке шыққан адамға ең төменгі мөлшердегі зейнетақы есептеледі. Ал өзгелері, қанша жинаса, сонша алады. Дегенмен есептерді әр салымшы бойынша жеке-жеке жүргізу керек. 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах