Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Елімізде гүл бағасы сегіз есе қымбаттады

AstanaTV
06.03.2024ж. 20:00
300
Елімізде гүл бағасы  сегіз есе қымбаттады

Елімізде гүл бағасы сегіз есе қымбаттады. Әсіресе, қазір мереке қарсаңында баға шарықтап тұр. Өңірлер бойынша бағаның ең жоғары өсімі Қарағанды облысында байқалды. Бірден 40 пайызға көтерілген. Алматы облысында және Астанада да өсім бар.

 Айдана ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

 Мереке қарсаңында гүл сататын дүкендердің жұмысы қызып жатыр. Флористер таңның атысынан кештің батысына дейін осындай түрлі композицияларды жасауда. Бірақ, биыл гүл біршама қымбаттаған. Алайда оған қарап жатқан ешкім жоқ сияқты. Сатып алушы көп.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

-   Гүл алған жақсы әрине, приятно. Әйелдерпдің өзінің мерекесі болғаннан кейін.

-   Гүл десе жаны қалмайды ғой

-   Маған бүкіл гүлдер ұнайды, гүл алғым келеді

Былтыр елімізге құны 61 млн доллар болатын кесілген гүл мен гүл түйнегі импортталды. Негізінен Еуропа, Оңтүстік Америка және Африкадан әкелінген. Экспорттаушы мемлекеттер гүлдің бағасын мереке қарсаңында көтереді дейді – кәсіпкерлер.

Әділ ТАСБОЛАТ,  ГҮЛ ДҮКЕНДЕРІ ЖЕЛІСІНІҢ ИЕСІ:

Біз бағаны гүлдердің өзіндік құнына қарай белгілейміз. Әуе тасымалы мен логистика қымбаттап барады. Оның үстіне Эквадор, Колумбия сияқты гүл эскпорттаушылар гүлдің бағасын 14 ақпанға дейін көтереді. Себебі әлем елдерінің көбінде Валентин күні тойланады. Сондықтан бізге тауар 8 наурызға дейін де қымбат бағамен келеді. Мұндай үрдіс наурыздың ортасына дейін жалғасады.

Қаңтарда базарларда раушан гүлінің бір талы 946 теңгеден сатылды. Ең қымбаты Абай облысында. Онан соң Қостанай және Шығыс Қазақстан облысы Ең арзан раушан гүлдері Шымкентте. Биыл раушан гүлдері мен қызғалдақтарға тапсырыс берушілер көп дейді – гүл сатушылар.

Айдана, ФЛОРИСТ:

Сегізінші наурыз әйелдер мерекесі болғандықтан көбінесе қызғалдақтарға көп тапсырыс түседі. Сонымен қатар раушан гүлдеріне де жиі тапсырыс болады. Әркімнің талғамына байланысты гүл шоқтарын әзірлейміз. Үлкен гүл шоқтарын алу міндетті емес. Адамдар жағдайына қарай тапсырыс береді, ең бастысы көңіл.

Қазақстанда да гүл өседі. Былтыр 17,6 млн гүл жиналған. Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне раушан, қалампыр және хризантема бүршіктері жіберілді. Сонымен қатар орхидея және гүлдеп келе жатқан гиацинт, нарцисс және қызғалдақ жиі экспортталады.