Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Апта соңына дейін азаматтардың онлайн режимде тіркелуге мүмкіндігі болады

AstanaTV
16.01.2017ж. 20:00
2586
Апта соңына дейін азаматтардың онлайн режимде тіркелуге мүмкіндігі болады

Апта соңына дейін қазақстандықтар халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, «онлайн режимде» тіркелуге мүмкіндік алады. Мұны PaperLab пікірталас алаңында Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев айтты. Сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығында кезекте тұрып қайтыс болған азаматтың жақындарына көңіл айтты.

Министр Дәурен Абаев, аталған заңның әлі де қарауды қажет ететін тұстары бар екенін айтады. Алайда заңды әзірлеген Ішкі істер министрлігі болғандықтан, көп сауалдар құзырына жатпайтынын да мәлімдеді. Бүгінде 250 мыңға жуық азамат уақытша тіркеуге тұрды. Мұнан бөлек мобильді орталықтар қызмет көрсетуге көшкен. Енді жұмыс айтарлықтай жеңілдей түспек.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:


Онлайн режимді бастау үшін оған дайындық керек. Біз өз жағымыздан дайынбыз. Енді ІІМ тарапынан 2-3 жұмыс бітсе, біз дайын боламыз. Осы аптаның аяғына дейін бітіруге тырысамыз.

Белгілі заңгер Джохар Өтебеков, азаматтардың уақытша тіркелген-тіркелмегенін тексеруді жергілікті атқарушы билікке тапсырған жөн, дейді. Бұлай жалғаса берсе, жемқорлықтың артуына себеп болуы мүмкін деген пікірін де жасырмады.

Джохар Өтебеков, заңгер:

ІІМ бұл жұмыспен айналыспау керек. Дамыған елдерде солай. Салық басқармасы, әділет министрлігі ме, әйтеуір азаматтық орган жүзеге асыру керек сияқты. Осы істі полицейлер қарағандықтан да, азаматтар билікке шағымданып, әрі түсініспеушіліктер орын алып жатыр.