Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Қостанайда жарылғыш құрылғыдан екі жеткіншек жапа шекті

AstanaTV
16.01.2017ж. 20:00
2512
Қостанайда жарылғыш құрылғыдан екі жеткіншек жапа шекті

Жарылғыш құрылғыны атамын деп саусақтарынан айырылды. Қостанайда екі бірдей жеткіншек оқыс жағдайда ауруханаға түскен. Полицейлер «белгісіз заттан жарақат алу» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

«Петардаға» ұқсас жарылғыштан жапа шеккен екі баланың ересегі ауыр халде. Екі саусағынан айрылып, бет-әлпетін күйік шалған, дереу ота жасадық, - дейді дәрігерлер. Ал кішісінің жағдайы тәуір. Жарылғыш затты балалар көшеден тауып алған болуы мүмкін деген болжам бар. Үйге жеткен соң олар түсініксіз нәрсенің білтесін тұтатып жіберген.

Фазылбек Темірханов, Қостанай облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері:

Жағдайы ауры. Бірақ бірқалыпты. Алдағы өміріне еш қауп төніп тұрған жоқ. Ал екінші баланың беті қолы аздап күйген екен. Оны да бөлімшеге жатқыздық. Амандық болса, 1 апта 10 күні ішінде үйіне қайту тиіс.