Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

"Қыз өзін жақсы ұстаса, ондай әңгіме жазылмас еді": Аша Матай Нұрлан Еспановтың ұлына қатысты пікір білдірді

AstanaTV
07.03.2024ж. 22:09
680
"Қыз өзін жақсы ұстаса, ондай әңгіме жазылмас еді": Аша Матай Нұрлан Еспановтың ұлына қатысты пікір білдірді

Желіде талқылаған Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспановтың жазбаларына қатысты Аша Матай пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Taboo” подкастына сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесінің ұлы бейтаныс қызға жазған интим хаттары тараған еді. Ол жерде жігіт қызды қонақүй жалдап, төсектес болуға шақырған.

“Әлеуметтік желіден көріп, қатты қапаландық. Тіпті, жолдасым Арманмен бірге отырып, талқыладық. Дегенмен, бұл баланы жақсы танимын деп айта алмаймын. Бірақ ата-анасы жақсы танимын. Бір-екі рет Нұрлан ағаның қасынан көрдім. Ондай жаман қылықтарын байқаған жоқпын. Әкесі керемет жан. Үйіндегі жеңгемізбен де сәлеміміз түзу. Олжасты жолдан тайдыру үшін әдейі ұйымдастырылған да болуы мүмкін. Егер қыз өзін жақсы ұстаса, ондай әңгіме жазылмас еді деп ойлаймын. Балалықпен де жазылған болуы мүмкін. Бірдеңені кесіп-пішіп айту қиын. Өзіңді не күтіп тұрғанын білмейсің. Болашақта балаларымыз қалай болады?! Отбасы үшін ғана қиын жағдай. Соңы жақсы аяқталсын”, – дейді актриса.