Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Шымкентте жүк пойызы жас жігітті қағып, мерт қылды

AstanaTV
09.03.2024ж. 16:18
492
Шымкентте жүк пойызы жас жігітті қағып, мерт қылды

Шымкентте жүк пойызы жас жігіт қағып, мерт қылды. Куәгерлер марқұм шамамен 18-20 жаста екенін айтады.

Жиделібайсын көшесінде жүк пойызы жас жігітті іліп әкетіп, 20-30 метрге жерге сүйреп әкеткен. Қайғылы оқиға 8 наурызда болды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Көліктегі полиция департаменті аталған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқандығын мәлімдеді.

"Шымкент стансасындағы желілік полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілуге жатпайды", делінген ведомства ақпаратында.