$537.91 €628.87 ₽6.6
×

Құтқарушылар жолаушының денесін жеңіл көліктен алып шықты

AstanaTV
09.03.2024ж. 15:26
Құтқарушылар жолаушының денесін жеңіл көліктен алып шықты

Алматы облысындағы Қарасай ауданында Қайнар және Бекболат кенттері арасында жол көлік оқиғасы орын алып, көлік ағашқа соғылғаны туралы хабар келіп түсті.

«Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары гидравликалық авариялық-құтқару құралын пайдалана отырып, жолаушының денесін авариялық автомобильдің салонынан алып шықты. 
Сағат 10:23–те оқиға орнында құтқару жұмыстары аяқталды», — делінген ТЖМ ақпаратында.