Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ақтауда мереке күні алып сәби дүниеге келді

AstanaTV
09.03.2024ж. 22:29
488
Ақтауда мереке күні алып сәби дүниеге келді

 Ақтауда мереке күні Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының перинаталдық орталығында алып сәби жарық дүние есігін ашты, - деп жазды KAZINFORM.

Перинаталдық орталық мамандары нәзікжандылар қауымының атаулы мерекесі күні 20-дан астам сәби өмірге келгенін атады.

«8 наурыз күні біздің орталықта 22 сәби жарық дүниеге келді. Оның ішінде 13 ұл, 9 қыз бала бар. Айта кететін жайт, олардың ішінде алып ер баланы анасы аман-есен босанды. Оның салмағы - 5 келі 380 грамм. Ал сәбилердің арасында ең жеңілі 2 700 грамм шамасында болды. Екеуі де ер бала», - деді Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының баспасөз хатшысы Жұлдызай Қалиева.

Ақтауда 2023 жылдың тамыз айында салмағы 6 келі 880 грамм болған нәресте өмірге келген еді. Сәби анасымен бірге бірнеше күн дәрігерлердің бақылауында болып, кейін үйіне жіберілген болатын.