Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Универсиада жеңімпаздарына табысталатын медальдар таныстырылды

AstanaTV
17.01.2017ж. 20:00
2846
Универсиада жеңімпаздарына табысталатын медальдар таныстырылды

Бүгін Алматыда Универсиада жеңімпаздарына табысталатын медальдар таныстырылды. Шараны ұйымдастырушылар, төсбелгілердің халықаралық студенттер федерациясының талаптарына сәйкес дайындалғанын, атап өтті.

Камила Лұқпанова, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция директорының орынбасары:

Универсиада Алматыда өтіп жатқандықтан, қаланың белгісін де таңбаладық. Медальда жазу үш тілде беріліп отыр. Алтын медаль - ақ металлдан, күміс - сары металлдан, ал қола - қоңыр металлдан, яғни отандық өндірісте жасалды.

Бүкіләлемдік қысқы Универсиадада спорттың 12 түрінен жарыстар өтеді. Мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, сноуборд және биатлон, шаңғымен жарысу, керлингтен бақ сынайды. Жеңімпаздар Республика сарайының алдына орналасатын «Медал Плаза» нысанында марапатталады. Күніне 10 медальдан табыс ету жоспарланған. Жарыс кезінде "Медал Плазада" Универсиада қонақтарының түрлі концерттік бағдарламаларды тамашалауына мүмкіндігі бар. Спорттық ауқымды шара 8 ақпанға дейін жалғаспақ. 

Айгүл ЕРМАХАН