Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

«Нұр Отан» партиясының кезекті қоғамдық қабылдауы өтті

AstanaTV
17.01.2017ж. 20:00
2289
«Нұр Отан» партиясының кезекті қоғамдық қабылдауы өтті

Билік пен бұқараны байланыстыратын көпір. «Нұр Отан» партиясы азаматтардың қордаланған мәселесін шешу мақсатында қоғамдық қабылдау өткізуді жалғастыруда.

Қабылдаудан көңілі марқайып қайтқандардың бірі - Жәйнагүл Асайқызы. Қытайдан Қазақстанға келіп білімін жетілдіріп жүрген оның 10 күннен кейін визасының уақыты бітіп, ел аумағынан шығарылуы керек. Алайда оқуы әлі аяқталмаған. Қандасымыздың жағдайына қаныққан Мәжіліс депутаты Серік Сейдуманов құзырлы орындарға хабарласып, мәселені оң шешуге ықпал етті. Көші-қон департаменті білім қуған жасқа көмектесетін болды.

Жәйнагүл Асай, оралман:

Менің құжаттарым бірнеше рет қараусыз қайтып келді. Белгілі себептермен. Сыртқы істер министрлігінің таңбасы керек деді. Оны да жасаттым. Қандастар енді елім деп келген соң оқығысы келеді, жұмыс жасағысы келеді ғой. Бірақ ықтиар хат болмаса, Қазақстанда тұра алмайды екен.

Азаматтарды әдеттегідей сан түрлі сауал толғандырады. Әсіресе баспана мәселесімен базынасын арқалай келген тұрғындар басым. Жер теліміне қатысты сұрақтар да жоқ емес. Депутат азаматтарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіріп, мәселені шешудің тиімді жолын нұсқады.

Серік Сейдуманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Біз әркез екі жақты қараймыз. Біріншісі - кеңес беріп, екіншісі - шешілу жолын қараймыз. Мүмкін болса, заңды түрде шешіп береміз.