Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Ұлттық құрылтай қоғамдағы қордаланған мәселелерді талқылайтын, ел дамуын айқындайтын бірегей платформаға айналды», - министр

14.03.2024ж. 20:00
286
«Ұлттық құрылтай қоғамдағы қордаланған мәселелерді талқылайтын, ел дамуын айқындайтын бірегей платформаға айналды», - министр

Ұлттық құрылтай ұлт зиялыларының қоғамдағы қордаланған мәселелерді талқылайтын, ел дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын бірегей платформаға айналды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық құрылтайдың «Мәдениет. Өнер. Руханият» жұмыс секциясының жиынында айтты. Бұдан бөлек, «Азаматтық қоғам», «Білім және ғылым», «Әлеуметтік-экономикалық даму» секілді секциялар өтті. Мұнайлы өлкеде өткелі жатқан Үшінші Құрылтай алдында қандай мәселелер талқыланғанын өңірдегі тілшіміз жеткізеді.

Бұл құрылтай басқа құрылтайдан өзгерек. Еліміз үшін тарихи һәм экономикалық та маңызы зор Атырауда өтіп жатыр. Жиналғандардың сөзінше, құрылтайдың мүддесі – біреу, ұлттық, рухани мүддені басты орынға шығару. Түркістанда өткен құрылтайда қозғалған мәселелердің бірсыпырасы орындалды. Мәселен, мемлекеттік наградалар туралы заңда өзгеріс енгізілді. Зорлық-зомбылық туралы заң Сенатқа жолданды, Лудомания туралы заң үкіметте дайын тұр. Дегенмен тәрбиенің тамыры тереңде жатыр. Материалдық емес құндылықтарды алға шығарған кезде ғана, қоғамды улаған кесапаттардың жолын кесуге болады,- дейді жиналғандар.

Жанарбек ӘШІМЖАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Арнайы тұжырымдама қабылданған. Бірақ тұжырымдама әлі күнге дейін жұмыс істеп тұрған жоқ. сондықтан материалдық емес құндылықтарды түгендеу үшін арнайы заң керек. Жеке заң. Оны депутаттық бастамаммен жасауға біздер ниеттеніп жатырмыз.

Светқали НҰРЖАН, АҚЫН:

Енді ұлттық тұтастыққа қарай. Ол үшін діни теріс ағымдарға тыйым салыну керек. Сосын біз рулық жіктерге бөлініп бара жатырмыз. Бұл ірің болып бара жатыр. Біз ұлттық намыс емес, рулық намыстың деңгейіне түсіп, құлдырап кейін кетіп бара жатырмыз.

Жиында бір отбасының ғана емес, тұтас ұлттық кесапатына айналып бара жатқан жат ағымдар мен құмар ойындардың жетегінде кеткендер мәселесімен бірге, киномотография саласындағы идеологиялық мазмұн, шекара бойындағы ауылдардан жаппай көшуі, әдебиеттің дамуы, кітап шығару, балалар басылымдары мәселесі де қозғалды. Мұндай жиын өзекті мәселердің шешудің қозғаушы күші ретінде маңызы зор,- дейді құрылтай мүшелері.

Асқар ЖҰМАДІЛДАЕВ, ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ, ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕСІ:

Құрылтай парламент емес, алайда құрылтай қазаққа керек. Халықтың пікірін тыңдау үшін. Мысалы, гранттың аясын кеңейту керек. Тек мақала жазу үшін берілмеу керек. Мысалы, ол ғылыми көпшілік әдебиет шығару үшін. Мысалы өнертапқыштыңқ жасау үшін. Мысалы, құрылғы алу үшін. Мысалы сіз физикамен шұғылданатын болсаңыз, құрылғыңыз өзі бәленбай миллион болады деп осындай нәрселерге жұмсалу керек деп айтқанмын. Менің мақсатым, ғылымды түзеу қазақтың бетін ғылымға бұру. Жаңа технологияға бұру. Қазақ технократ ел болу керек.

Жиында жеті хан жерленген Алтын Орданың астанасы Сарайшықты ғылыми орталыққа айналдыру мәселесі де қозғалды. 4 секцияға бойынша құрылтай мүшелері талқыланған мәселердің бірі де назардан тыс қалмайды,- деді Аида Балаева.

Аида БАЛАЕВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ:

Бір айтып өтетінім облыстан келген құралтай мүшелері тек қана өздері келмей, сол облыстарында талқылау жүргізіп, облыс жұртшылығының пікірлерін жинақтап, зерделеп, осы секцияда өздерінің ұсыныстарын енгізді. Мәселелердің барлығы құрылтайдың протоколына енгізіледі. Сонымен қатар барлық министрліктер өзінің ұсыныстарды кеңінен зерделеп, талқылап, оның жүзеге асыру мәселелерін қолға алады.

Ал ертең – басты күн. Құрылтайға қатысушылар аймақтың тарихымен танысады. Түстен соң мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен үшінші құрылтайдың отырысы өтеді.