Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қырғызстанда ұшақ апаты салдарынан көз жұмғандар жер қойнына тапсырылды

AstanaTV
18.01.2017ж. 20:00
2611
Қырғызстанда ұшақ апаты салдарынан көз жұмғандар жер қойнына тапсырылды

Қырғыз елінде ұшақ апатының салдарынан көз жұмған тұрғындар жер қойнына тапсырылды. Бұл туралы Спутник Кырғызстан сайты жазады. Марқұмдардың арасында Ұларбек Шералы ұлы мен жұбайы Алтынай және олардың Айпері, Сабина есімді кішкентай қыздары бар. Бұл отбасынан жалғыз ғана Жақшылық есімді ұл аман қалған. Басқа да қаза болған тұрғындар өздерінің туған жерлері Шу, Ош, Нарын облыстарында жерленді. Қазір ауруханада 12 адам емделіп жатыр. Олардың жағдайы ауыр, әлі ұзақ уақыт ем-дом қабылдауы мүмкін,- дейді дәрігерлер.

Еске салайық, Бішкек әуежайына бір жарым шақырым жердегі Дача-Суу ауылына ұшақ құлап, салдарынан 37 адам қайтыс болды. 23 үй қирады. Марқұмдардың төртеуі экипаж мүшелері, қалғаны - ауыл тұрғындары. Бүгін қираған ұшақтың екінші қара жәшігі табылды. Жазылған ақпаратты шифрлеу үшін ол енді Мәскеуге жіберілмек.

Айбек ҚОСАН