Соңғы
5 жылда мектеп оқушыларының түрлі ауыруға шалдығу оқиғалары 22 пайызға артқан.
Ол аздай, әрбір үшінші бала сколиозбен ауырады. Мәжіліс отырысында депутат
Зағипа Балиева осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінше, оқушылар арасында қан аздық
пен тыныс жолдарының ауыруы да артып келе жатқан көрінеді. Арқаның қисаюы, яғни
сколиоз дерті емделмейді. Сондықтан оқушылардың отыратын партасы мен орындықтарының дұрыс болуына көңіл
бөлуіміз қажет дейді ол.
Зағипа
Балиева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:
Ең
қорқыныштысы - бұл балалар арасында ерте белең алып отыр. Біз мұның алдын
алуымыз керек. Негізгі себебі ауыр сөмкелері мен қолдағы гаджеттерден бас
көтермеуі деп ойлаймын.