Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қосшыда құтқарушылар екі баланы аман алып қалды

AstanaTV
18.03.2024ж. 09:31
858
Қосшыда құтқарушылар екі баланы аман алып қалды

Қосшы қаласында құтқарушылар екі баланы аман алып қалды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Қосшыда құтқарушылар 3-қабаттың балконынан үш иінді баспалдақ арқылы пәтер иесіне ішінен құлыпталған есікті ашты. Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде 2019, 2020 жылы туған екі бала аман қалды, - делінген ведомство хабарламасында.

Балалар аман-есен анасына тапсырылды. Медициналық көмекті қажет етпеді.