Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Астанада қойма өртенді

AstanaTV
18.03.2024ж. 10:18
670
Астанада қойма өртенді

Сағат 07-20-да Астана қаласы Байқоңыр ауданында ангар үлгісіндегі жеке тұрған бір қабатты қойма өртенген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сағат 7.20-да Астана қаласы ТЖД бөлімшелері Байқоңыр ауданында болған өрт орнына шықты.

Өрт сөндірушілердің келіп жетуі бойынша 1000 ш.м. алдын ала алаңда отпен толық оранған бір қабатты қойма үй-жайы жанып жатқаны анықталды.

Өрт кезінде ғимараттың алдыңғы қабырғасы мен шатыры құлады. Оқиға орнында үш жауынгерлік учаске құрылды. Өрт сөндіру жұмыстарына жеке құрамның 70-ке жуық адамы, 15 техника жұмылдырылды.