Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Сот өгей қызын өлтірген әйелге үкім кесті

AstanaTV
18.03.2024ж. 12:00
965
Сот өгей қызын өлтірген әйелге үкім кесті

Бүгін Алматыда 7 жастағы Карина Закураеваның өліміне қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталмыш қылмыстық істің тергеуі жарты жылдан асып кеткен еді. Бүгін осы істің нүктесі қойылды.

Сот отырысы барысында прокурор сотталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесуді сұрады.

Сот қылмыстық істі қарастырып, Балжан Тұрлыбекті кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді, - деді Ерлан Болатов.