Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Түркістан облысында 5 жасар бала суару каналына батып кетті

AstanaTV
18.03.2024ж. 13:14
1093
Түркістан облысында 5 жасар бала суару каналына батып кетті

5 жасар бүлдіршін 16 наурыз күні түскі уақытта үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Куәгерлер суару каналынан аяқ киімін көргенін айтты.

Іздеу жұмыстарына Төтенше жағдай департаменті мен жергілікті атқарушы органдардан және полиция қызметінен 93 адам және 4 техника жұмылдырылды.

"Іздеу тобы жоғалған қыздың денесін үйден 2 шақырым жердегі каналдан тауып, судан шығарып алды", – делінген Түркістан облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.