Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"AMANAT" партиясының республикалық қоғамдық қабылдау мүшелері Құрық ауылының тұрғындарымен кездесті

19.03.2024ж. 20:00
250
"AMANAT" партиясының республикалық қоғамдық қабылдау мүшелері Құрық ауылының тұрғындарымен кездесті

Маңғыстау облысы Құрық ауылының тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарын «АМАNАТ» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау мүшелеріне жеткізді. Маңғыстау- жыл басынан бері партия мүшелері барған сегізінші өңір. Ауыл жұртшылығы тұрғын үй , жұмыспен қамту, ауыз су секілді түрлі мәселені көтеріп, оның қашан шешілетінін сұрады. Тұрғындарға денсаулық сақтау, білім беру, құрылыс, кәсіпкерлік басқармаларының және басқа да мемлекеттік орган өкілдері тарапынан кеңестер берілді. Жыл басынан бері қоғамдық қабылдауда 60-қа жуық кездесу өткен. 100-ден астам елдімекен қамтылып, 600-ден астам өтініш түсті.

Қуаныш СЕЙІТОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Біз қоқыс мәселесін көтеріп келдік, тазалау жұмыстары дұрыс жүргізілмейді. Балалар қоқысты басып жүруге мәжбүр. Номері алтыншы мектептің айналасына асфальт төселмеген

Сағындық ЖЕЛКІБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ КОНСУЛЬТАНТЫ:

Мәселелердің 50 пайыздан астамы оң шешімін тауып, 46 пайызға жуығына заң аясында түсініктемелер берілді. Биыл әр облысты 2 рет аралауды жоспарладық, бірінші жартыжылдықта қазір Маңғыстау облысындамыз, ал екінші жартыжылдықта міндетті қоғамдық қабылдаулар көбірек өткізетін боламыз.