Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Павлодарда 9 айда 600 отбасы ажырасқан

20.03.2024ж. 20:00
174
Павлодарда 9 айда 600 отбасы  ажырасқан

Павлодарда 9 айда 600 отбасы ажырасқан. Бұған жастардың өзара тіл табысуы мен материалдық жағдайдың қиыншылығы себеп болыпты. Бұл мәселе AMANAT партиясы облыстық филиалының жанынан құрылған Жастар кеңесінде талқыланды. Жиында облыстық мәслихат депутаттары, «Жастар рухының» белсенділері отбасылық құндылықты сақтауға арналған өз ұсыныстарын ортаға салды. Күн тәртібінде жастардың жұмыспен қамтылу жайы да сөз болды. Жас отбасылардың ажырасуына жұмыссыздық, айлықтың аздығы сынды қордаланған түйткіл түрткі болған. 

Бәкіжан КӘКІМ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Жастардың жұмысқа тұруы, орналысуы ерте үйлену, және отбасылық құндылықтарға баса назар аудардық бүгін. Отбасылық құндылықтарға байланысты ұсыныстар белгіленді. Бұл тұрғыда мектептерге тексеріссіз бару, ескертусіз кіру. Оның үстіне осы тақырыпқа орай қосымша жеке отырыс жасаймыз деп шештік. Өйткені, көптеген тақырыптар көлеңкеде қалып қойды.